S&P Қазақстанның кредит рейтингісіне баға берді

968

Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 3,6% деңгейінде болуы мүмкін. 

S&P Қазақстанның кредит рейтингісіне баға берді

Standard&Poor's рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде екенін растады, болжам "тұрақты", деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары екенін жеткізді. Өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.

"S&P мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті.  

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және бұл Қазақстанның негізгі мұнай және газ экспорты нарығына шығуында іркілістерге алып келмейді", – деп жазылған хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру бойынша шаралар аясында жалғаса береді.

"Ұлттық банктің несиелендіру бағдарламаларынан шығуы артық теңгелік өтімділікті төмендетеді, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жақсартады", – деп жазылған хабарламада.

Standard&Poor's 2022 жылы Қазақстан экономикасы 3,6% деңгейінде және 2025 жылға дейін орта есеппен шамамен 4% деңгейінде өседі деп болжам жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу