"Сабаққа бара жатқан": Қояндыда екі оқушы қызды көлік қағып кетті

74

Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

"Сабаққа бара жатқан": Қояндыда екі оқушы қызды көлік қағып кетті Фото: видеодан алынған кадр

Ақмола облысының Қоянды кентінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Видеодан қыздардың туысы жүргізушіге "Байқап жүрмейсің бе?!" деп айқайлап, күш қолдануға әрекеттенгенін көруге болады.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта таңертең 5 және 10-шы сыныпта оқитын апалы-сіңлілі қыздар сабаққа бара жатқанда жол апатына ұшырағаны айтылған.

Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.

"1 желтоқсанда жүргізуші "Ниссан Премьера" автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды", – дейді полицейлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу