Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы тағайындалды

1316

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы тағайындалды Фото: wkau.edu.kz

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, – делінген ақпаратта.

Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.

1996-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызмет лауазымдарында, ал 2000-2025 жылдары басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2025 жылдың қазан айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Президент Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.

ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу