Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

150

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: olympic.kz

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтық біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.

1/4 финалда ол Қытай өкілі Ханя Сюэчженьді 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша Сағындық Тоғамбай кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне жазды.

Айта кетейік, бүгін, 5 сәуірде жартылай финалға Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) та шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу