Сағынтаевтың кезінде сатылмақ болған мемлекеттік мекеменің ісі сотқа жіберілді

728

Алматыда Сағынтаевтың кезінде 3 есе арзан бағаға сатылған мекемеге қатысты прокуратура тың деректер жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Сағынтаевтың кезінде сатылмақ болған мемлекеттік мекеменің ісі сотқа жіберілді

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұрынғы әкімшілік, қазан айында "Алматы қала жарық" мекемесін сатуға шығарған.

Мемлекеттік активтер басқармасы бастапқы бағаны 14 миллиард 835 миллион теңге деп бекіткен.

Алайда қатысушы болмағандықтан сауда екі рет өтпей қалыпты. Үшінші жолы ABM-Group атты компания, өз бағасын ұсынып, 4 млрд 600 млн тенгеге сатып алған.

Прокурорлар мекемені сату процесінде екі бірдей заң нормалары бұзылғанын айтады. Алматы әкімдігі сату және сатып алу мәмілесінің күшін жою үшін, сотқа арыз түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу