Сахарада 49 адам шөлден қаза тапты

355

Қаза болғандардың барлығы – Нигерия азаматтары.  

Сахарада 49 адам шөлден қаза тапты Фото: euronews.com

Сахара шөлінің солтүстік бөлігінде орналасқан Нигер аумағында жүк көлігі бұзылып, 49 жолаушы шөлден қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Еuronews-қа сілтеме жасап.

Марқұмдар діни мейрамнан кейін Малиден үйлеріне қайтып келе жатқан. Жолда көлік бағытынан жаңылып, Ассамака оазисінен шамамен 80 шақырым қашықтықта тоқтап қалған.  

Жүргізуші мен жолаушылар көлікті бірнеше күн бойы өз күштерімен жөндеуге тырысқанымен нәтиже шықпаған. Су қоры таусылып, аптап ыстық жағдайды одан әрі қиындатқан. Адамдар шөлдің қақ ортасында қалып қойған.  

Қайғылы оқиға туралы тек екі адамның аман қалып, 50 шақырымнан астам жерді жаяу жүріп өтіп, Ассамакаға жетіп көмек шақырғанда белгілі болды. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде көліктің маңынан адамдардың мәйітін тауып, оларды сол жерге жерлеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу