Қазақстандық спортшы Мұхит Амантаев 4 шілде күні Алматыдағы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтып, сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу