Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейеді

208

Сайлау қорларынан тыс қаржылық көмек алғандар әкімшілік жауапқа тартылады.   

Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейеді Фото: Нарын Таңы газеті

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды.

"Онлайн-платформаларды пайдалануды және барлық кандидаттар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуді реттейтін нормалар енгізілді. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте онлайн-платформаларда үгіт материалдарын орналастырудан бас тартқаны және кандидаттар үшін тең емес жағдайлар жасағаны үшін жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 50 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік белгіленді", – деді Серік Жұманғарин.

Бұдан бөлек кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау қорларынан басқа, өзге де материалдық көмекті қабылдауға тыйым салынды. Министрдің айтуынша, сайлау қорларынан тыс қаржылық және өзге де материалдық көмек алғаны үшін жеке тұлғаларға 25, ал заңды тұлғаларға 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік енгізілді. 

Сондай-ақ, қолданыстағы Конституциялық заңда қаржыландыру ережелерін бұзған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу жөніндегі шешiмнiң күшiн жою туралы конституциялық жауапкершілік көзделген.

"Кандидаттың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Мұндай бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұл мөлшері  5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Бұл бюджет қаражатын нысаналы және ашық пайдалануға ықпал етеді", – деп түсіндірді Премьер-Министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу