Сайлаудың нәтижесін халықтың батасы деп қабылдаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

401

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада өткен кезектен президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

Сайлаудың нәтижесін халықтың батасы деп қабылдаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның пікірінше, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес.

– Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік, – деді президент ұлықтау рәсімінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білетінін атап өтті.

– Қазақта "аманат" деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, – деді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу