Сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу жалғасып жатыр

589

Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы деректер жаңартылып отырады.

Сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу жалғасып жатыр

Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Анастасия Щегорцова биыл 22 қазан күні "Сайлауды халықаралық бақылау институты" ашылған сәттен бастап 39 байқаушы аккредиттелгенін мәлім етті. Барлығы 62 халықаралық байқаушы аккредиттелген.

"Қазір ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан 29 байқаушы, ТМД байқаушылар миссиясы құрамынан 6 байқаушы және Ислам ынтымақтастығы ұйымынан 4 байқаушы бар. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы деректер жаңартылып отырады. Мәселен, 2020 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге ЕҚЫҰ ДИАҚБ-нан 12 бақылаушы және бес шет мемлекеттен 11 бақылаушы кандидатурасын ұсынды. Оның ішінде Иордания мемлекетінен 3 байқаушы, Қырғызстан, Мальдив Республикасы, Молдова және Түркия елдерінен 2 байқаушыдан бар. Осылайша, 2020 жылдың 7 желтоқсанына 62 халықаралық байқаушы аккредиттелді", – деді Анастасия Щегорцова.

Еске сала кетсек, сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күніне бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де, яғни 2021 жылдың 4 қаңтарында сағат 18.00-де аяқталады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу