Сайрагүл Сауытбай сот залында босатылды

1365

Сайрагүл Сауытбайға шартты түрде 6 айға мерзім кесілді, сондай-ақ пробациялық бақылауға алынатын болды.

Сайрагүл Сауытбай сот залында босатылды

Алматы облысының Панфилов аудандық сотында Қытай азаматшасы Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі шықты. Оған шекараны заңсыз кесті деген айып тағылған болатын, деп жазады informburo.kz.

Сот отырысына 70-ке жуық адам келді. Сот залында отандық және шетелдік БАҚ өкілдері отырды, олардың қатарында The New York Times, The Wall Street Journal, The Washington Post, Agence France-Presse, сондай-ақ RFI халықаралық радиосының өкілдері болды.

Судья Динара Құйқабаева сотталушыны айыпты деп танып, шартты түрде 6 айға мерзім кесті, сондай-ақ пробациялық бақылауға алынатын болды. Елден шығару туралы қосымша жаза тағайындамауға ұйғарым жасалды. Сайрагүл Сауытбай сот залында босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу