Сақтандыру компанияларының табысы 80%-ға өсті

1157

Биылғы жылдың алты айындағы таза табыс көлемі 65 млрд теңгені құрады. 

Сақтандыру компанияларының табысы 80%-ға өсті

2020 жылдың алғашқы алты айында сақтандыру компанияларының салық төлегенге дейінгі жалпы табысы 70,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 67,9%-ға жоғары, деп хабарлады ranking.kz. 

Ал корпоративті табыс салығы 5,4 млрд теңгеге тұрақтады. Алайда бұл 2019 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 7,9%-ға төмен. Осыған байланысты сақтандыру компанияларының корпоративті табыс салығын төлегеннен кейінгі таза табысы 80%-ға артып, 65,3 млрд теңгені құрады. 

2020 жылдың алғашқы алты айында аталған сектордағы компаниялар кірісі 265,5 млрд теңгені құрады. Бір жылда көрсеткіштер 19,4%-ға өскен. Әйтседе компаниялар шығыны 7,6%-ға артқан. 

Жалпы көрсеткіш бойынша сақтандыру қызметінің кірісі 10%-ға жоғарылап, 198,3 млрд теңге болды. Ал инвестициялық қызмет кірісі 22,2%-ға артып, 57 млрд теңгеге жетті. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу