Сақтандыру қызметі қымбаттады

936

Аталған саланың кірісі шамамен 2%-ға артты. 

Сақтандыру қызметі қымбаттады

2019 жылы сақтандыру компанияларының кірісі 480,3 млрд теңгені құрады, деп хабаралды Ranking.kz. 

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 24,8%-ға жоғары. Осы орайда компаниялар шығыны 32,8%-ға жоғарылап, 385,5 млрд теңгеге жетті. 

Аталған саладағы кірістің көп бөлігі – 399,3 млрд теңге сақтандыру қызметіне тиесілі. Ал инвестициялық кірістер бір жылда 17,5%-ға қысқарған. Сонымен қатар басқа да қызметтерден түсетін табыс 34,9%-ға төмендеген. 

Өткен жылы сақтандыру компанияларының салық төлегенге дейінгі кірісі 0,3%-ға артып, 94,8 млрд теңгеге жетті.

Ал компаниялардың таза табысы 1,6%-ға артып, 82,9 млрд теңгені құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу