Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қазақстандықтарға 1,13 млрд теңге төледі

Қор шешетін басты міндет – сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда, барлық клиенттерге сақтандыру төлемдеріне толық кепілдік беру. 

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қазақстандықтарға 1,13 млрд теңге төледі Фото: inbusiness.kz

Елімізде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құрылғанына 20 жыл толды. 

Ұйым сақтандырудың барлық міндетті және әлеуметтік маңызды сыныптарын өтеуге кепілдік бере отырып, сақтандыру ұйымдарының клиенттерін және олардың төлемдерін сенімді қорғайтын осы нарықтың маңызды элементі болып табылады.

"Қор шешетін басты міндет – сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда, барлық клиенттерге сақтандыру төлемдеріне толық кепілдік беруді қамтамасыз ету.

Бұдан басқа, Қор егер кінәлі көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен және оны анықтау мүмкін болмаған жағдайларда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарды сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етеді", – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. 

Алғашқы 5 жыл ішінде – 2008 жылғы 1 қазанға дейін – жалғыз акционер Ұлттық Банк болды, ол СТКҚ-ны құрудың басты бастамашысы болды. Әрі қарай Қордың капиталын қалыптастырудың нарықтық тетігі іске асырылды және қазіргі уақытта кепілдік берілген сақтандыру сыныптары бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 25 сақтандыру ұйымы оның акционерлері болып табылады.

Нәтижесінде, 20 жыл ішінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді: Қор сақтанушыларға 1,13 млрд теңге төледі. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 12,84 млрд теңге сомаға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру үшін айтарлықтай резервтер қалыптастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу