Сақтандырылған алматылықтарға 79,2 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

Қаржының басым бөлігі, яғни 44,1 млрд теңге стационарлық медициналық көмекке жұмсалды.

Сақтандырылған алматылықтарға 79,2 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді Фото: inbusiness.kz

Биылғы жылдың бірінші жартысында сақтандырылған алматылықтар МӘМС жүйесі арқылы  жалпы құны 79,2 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.

Оның сөзінше, шығынның басым бөлігі, яғни 44,1 млрд теңге стационарлық медициналық көмекке, 3,2 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленді.            

"Медициналық көмекке жүгінген азаматтар тарапынан емдеу мен диагностиканың бағасы қымбат түрлері, салалық мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертхана талдауларына деген сұраныс жоғары болған. Жарты жылда аталған қызметтерге 14,6 млрд теңге жұмсалды", – деді филиал басшысы.

Оның айтуынша, соның ішінде компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс бұрынғыша жоғары күйінде қалып отыр. Алты айда Алматы қаласында жалпы сомасы 890,5 млн теңгені құрайтын 46 мыңнан астам КТ жасалған. Тағы 33 мыңнан астам МРТ қызметіне Қор 542 млн. теңге бөлді. Сонымен қатар, онкологиялық науқастарды нысаналы түрде тексеруге арналған 6,4 мың позитронды-эмиссиондық томография жасалған, оған 2,2 млрд теңгеден астам қаржы төленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу