Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасының 250 қызметкерімен кездесті

738

Ел Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласындағы "Гаухар" киім фабрикасының 250 қызметкерімен кездесті, деп жазады inbusiness.kz үміткердің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасының 250 қызметкерімен кездесті Фото: Facebook

"Гауһар" – оңтүстіктің жеңіл өнеркәсібінің флагманы. Мұнда жұмыс киімі, мектеп формасы мен тоқыма бұйымдары әдемі, тиімді және ыңғайлы бағада тігіледі. "Қазақстанда жасалған" деп мақтанышпен айта алатын өнімнің қалай жасалып жатқанын көру қуантады. Осындай ірі әрі танымал кәсіпорынды әйел басқарып отырғаны, тіпті керемет", - делінген хабарламада.

Салтанат Тұрсынбекова кездесу барысында жұртшылықты өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Айта кету керек, 26 қазаннан бастап кандидат аймақтарға сапарын Қарағанды облысынан бастаған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу