"Салтанатты қаралағымыз келмейді, бірақ...": Бишімбаевтың адвокаттары тағы ескерту алды

4609

Астанада Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

"Салтанатты қаралағымыз келмейді, бірақ...": Бишімбаевтың адвокаттары тағы ескерту алды Фото: Jogargy_sot

Соттағы жарыссөзде сотталушы Қуандық Бишімбаевтың үшінші адвокаты Назкен Құсайынова сөйлеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Адвокаттың айтуынша, оқиға болғанға дейін марқұм бірнеше стакан алкогольді ішкеннен кейін 24-30 сағат ұйықтай беретін болған.

"Біз Салтанатты жамандап, Бишімбаевты ақтағымыз келмейді. Бірақ оның диагнозы майлы дегенерация, панкреатит, холецистит деп көрсетілді. Бұл адамдардың үнемі ішімдік ішетінін айқындайды. Ал Нүкенова бірнеше айдан бері ішімдік ішеді. Бұл олар үшін қалыпты жағдай болды. Сол себепті үнемі мазасызданатын", — дейді Құсайынова.

Қорғаушының сөзін судья Айжан Құлбаева үзді. Құсайыновадан дауысын бәсеңдетіп, айқайламауын өтінді.

"Қорғаушы тарап, мен тағы айтамын дауысыңызды бәсеңдетіңіз, жоғары көтеріліп сөйлеудің қажеті жоқ", - деді Құлбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу