Салық органдары кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған

555

Шымкенттік салық органдары кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған. 

Салық органдары кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған

Қалалық кірістер департаментінің мамандары 250-ге жуық бизнес өкілін қолма-қол ақша төлегені үшін айыпты деп тауып, хаттама толтырған. Тексеруші орган өкілдері кәсіп иелерін жалпы сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын келісімшарттарды көп жасағаны үшін айыптаған.

Мәселен, құрылыс саласындағы "Ферротек" компаниясының әртүрлі заттарды сатып алуы үшін жасасқан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 178 келісімін департамент әдейі ұйымдастырған әрекетке балап, 20 млн теңге айыппұл салған. Бірақ сотқа жүгіну арқылы серіктестік өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген. 

"Шымкент қаласының КД яғни салық органдары кәсіпкерлердің құқықтарын өрескел бұзып отыр. Заңда кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың келісімшартта қандайда бір шектеу жоқ. Салық органдарының осындай заңсыз іс әрекеттерінің нәтижесінде Қазіргі таңда Шымкент қаласында бүгінгі таңда біздің білуімізше 50-60 кәсіпкер басқа аумақтарға ауысып кетті", дейді заңгер Мрат Аққұлов.

Атамекен кәсіпкерлер палатасының мәлімеьінше, салық органдары 1500-ге тарта кәсіпкердің әрекетін саңсыз деп санаған. Сөйтіп, 242 бизнес иесіне айыппұл салған. Оның 42-сі салынған айыппұлды төлеп үлгерген. Ал 12 іс   сотта қаралып жатыр. Бірақ, кірістер органының әрекетін заңсыз екенін дәлелдеу үшін палата өкілдері тиісті орындарға шағым түсіргенін мәлімдеді.

"Жағдай күн сайын ауқымдылыққа ие болып отыр. Шиеленсуде. Құқықтарды қорғау шеңберінде Палатаның бизнес амбусмені кәсіпкерлер құқықтары жөніндегі уәкілі Жұрсынов Рустамға орталық шеңберде көмек көрсету туралы хат жолданған болатын. Сонымен қатар барлық келіп түскен арыздар қала прокуратурасына жолданған", деді Қалалық кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Майя Исаева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу