Салық төлемеген мемлекеттік қызметкерлердің тізімі жасалды

1350

Салыққа ең немқұрайлы қарайтындар – полицейлер мен әскери қызметшілер болып шықты. 

Салық төлемеген мемлекеттік қызметкерлердің тізімі жасалды

Алматының Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеуге асықпайтын мемлекеттік қызметшілердің рейтингін жасады. Дерекке сенсек, жеке меншік салығын төлемеген борышкерлер тізімінде мемлекеттік қызметкерлер көп.

Салыққа ең немқұрайлы қарайтындар – полицейлер мен әскери қызметшілер болып шықты. Мысалы, ішкі істер органдарының 289 қызметкері меншік салығы бойынша 5,9 млн теңге қарыз. Әскери бөлімдердің 218 қызметкері мемлекетке 3 млн теңге берешек. Ал қаржы құрылымында істейтін 67 қызметкердің қарызы жалпы 1,6 млн теңгені құрайды. Енді олардың мекенжайы және жұмыс орындарына пайда болған хабарландыру жіберілді.

Сондай-ақ департамент уақтылы төленбеген салыққа өсімпұл қосылатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу