Салық төлемегендерге қандай шара қолданылады?

Алматыда борышкерлерге қосымша 10 күн беріледі. 

Салық төлемегендерге қандай шара қолданылады? Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 1 қазанында 2022 жылға жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Алматы МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Меншік құқығында жеке үйлері, пәтерлері, саяжай құрылыстары, гараждары және өзге де құрылыстары бар жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады", – деп хабарлады департамент. 

Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы және коммуналдық қызметтердің түбіртектері бойынша берешекті өтеу туралы хабарламалардың бірнеше рет жіберілгеніне қарамастан, 16 123 жеке тұлға жалпы сомасы 604 млн теңгеге салық төлемеген.

"15 қарашадан кейін шаралар қабылдау үшін борышкерлер бойынша материалдар сот орындаушыларына, оның ішінде мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, елден тыс жерлерге шығуды шектеу үшін жіберілетін болады. Сонымен қатар, сот орындаушылары қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары ұстайды", – деп ескертті ведомство. 

Сондай-ақ, мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептелінеді.

Салық төлемеуге байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін берешекті 2023 жылдың 15 қарашасына дейін өтеу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу