Салық төлеуден қашатындар саны кеміген

712

7 мыңнан астам шағын және орта бизнес иелері негізгі берешектерін өтеп, өзге айыппұлдарын төлеуден босатылды.

Салық төлеуден қашатындар саны кеміген

2018 жылдың 1 қазаны бойынша елімізде салық төлеуде селқостық танытқан кәсіпкерлер саны 15 мыңнан асып жығылды.  Ал 11 шілдеге келіп түкен ақпаратқа сенсек, олардың қатары екі есеге азайған, деп хабарлайды Atameken Business.

Осылайша 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес иелері негізгі берешектерін өтеп, өзге айыппұлдарын төлеуден босатылды. Білгенге "мұның өзі  қыруар қаражат" дейді кәсіпкерлер. Тіпті осының арқасында тұншығып бара жатқан бизнестерінің тамырына қайта қан жүгірткендер де жетерлік.

Жалпы салықтық амнистия жарияланғаннан, яки жыл басынан 39 мыңнан астам компания "рақымшылыққа" ілінген. Олар бюджетке 7,5 миллиард теңге көлемінде тек негізгі қарыздарын ғана өтеген.  Барлығы  2 миллиард теңге көлеміндегі берешектері кешірілді.

"Биыл біздің компания қосымша құн салығы бойынша 4,7 миллион теңге негізгі қарызын төледі. Ал салық амнистиясына байланысты жиналып қалған 3,7 миллион теңге айыппұл кешірілді. Енді осының арқасында бірқтара тендерлерге қатысып, жұмысымызды жалғастыруға рұқсаат алып отырмыз",– дейді құрылыс компаниясының өкілі Жазира Бекбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу