Салықтан 6 трлн теңге түскен

1009

Нәтижесінде биыл ел бюджетін толықтырған қаржы көлемі 78%-ға артқан. 

Салықтан 6 трлн теңге түскен

2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында республикалық бюджетке салықтан 6 трлн теңгеден аса қаржы түскен. Бұл 2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 78,3%-ға жоғары көрсеткіш. Төлемдердің басым бөлігі Алматы (1,4 трлн теңге) мен Атырау облысына (1,1 трлн теңге) тиесілі.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері –  772,7 млрд теңге, Алматы облысы – 328 млрд теңге, Маңғыстау облысы – 285,6 млрд теңге, Қарағанды облысы – 270,6 млрд теңге, Ақтөбе облысы 257,6 млрд теңге көлемінде салық төлеген. БҚО-да – 241,3 млрд теңге, ШҚО-да – 229 млрд теңге, Павлодар облысында – 190,9 млрд теңге, Шымкентте – 120,6 млрд теңге, Қостанай облысында 120,5 млрд теңге салық жиналған. Түркістан облысы – 119,7 млрд теңгеге, Ақмола облысы – 111,1 млрд теңгеге, Қызылорда облысы – 102,1 млрд теңгеге, Жамбыл облысы – 63,7 млрд теңгеге, СҚО – 55,4 млрд теңгеге ел бюджетін толықтырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу