Салықтан жалтарған күдікті шетелден экстрадицияланды

1137

Күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынғаннан кейін, оған халықаралық іздеу жарияланған еді.

Салықтан жалтарған күдікті шетелден экстрадицияланды

190 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Беларусь мемлекетінен экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бүгін бас прокуратура мен мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері экономикалық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь мемлекетінен Эдуард Масловты экстрадициялады.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында 190 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

"Тергеу болжамына сәйкес, аталған қылмысты жасаудың қылмыстық схемасын тұлғалар тобында Қарағанды қаласындағы "ПромСтройИндустрия LTD" ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры бола тұра, алдын ала сөз байласып жасаған", – делінген хабарламада.

Күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынғаннан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Э. В. Маслов Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу