Бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттік кірістер органы тоқсан сайын комитет сайтында белгіленген шекті мөлшерден асатын және пайда болған күннен бастап 4 ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді жариялап отырады.
Жарияланатын мәліметтерде салық агентінің тегі, аты-жөні немесе атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеушінің басшысының тегі, аты-жөні және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетілмек.
Салық төлеушінің салықтық міндеттемесін орындауы үшін келесі шаралар қолданылады:
- өсімпұл есептеу;
- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- мүлікке билік етуге шектеу қою.
- Қолданылатын тәсіл берешектің сомасына байланысты болмақ.
Берешек 20 АЕК-тен аспаса, 5 күн ішінде мемлекеттік кірістер органы салық төлеушіге хабарлама жібереді.
Берешекті 20 жұмыс күні ішінде өтеу қажет. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама орындалмаған жағдайда бизнеске жоғарыда көрсетілген шаралар қолданылады.