Самар ауданында бірнеше көшенің атау өзгереді

402

Мектептердің атауы осыған дейін ауыстырылған болатын.  

Самар ауданында бірнеше көшенің атау өзгереді Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында идеологиялық тұрғыдан ескірген бірнеше көшелердің атаулары қайта жаңғыратын болды. Сонымен қатар мектептердің де атаулары ауыстырылған.

Соңғы жылдары ауданда ономастикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атауы ескірген көшелерге ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жергілікті халықпен ортақ келісімге келе отырып, жаңа атаулар берілетін болды.

Самар ауылындағы көше атаулары қайта қаралып, жаңғырғаны рас. Осы мақсатта ескірген, көнерген көше атауларын қайта жаңғыртқан дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан да Самар ауылындағы Мир көшесінің атауын Бейбітшілік, Подгорная 1 атауын Мұстафа Шоқай, Подгорная 3 атауын Ілияс Жансүгіров, Первомайский атауын Шоқан Уәлиханов көшесі деп атау туралы ұсынысты кезекті сессия мәслихатына енгіземіз. Сессия мәслихатының шешімі мен аудан әкімінің қаулысынан кейін облыстық ономастика комиссиясына құжаттар жіберіледі, – дейді Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Алмаз Болатұлы.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы екінші бөлігіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 тамыздағы және 2021 жылғы 7 желтоқсандағы қорытындылары негізінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 шілдедегі №156 қаулысына сәйкес мектептердің атауы өзгерген.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің "Миролюбовка орта мектебі" КММ "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ, "Самар бастауыш мектебі" КММ "Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектебі" КММ, "Раздольное негізгі мектебі" КММ "Мағжан Жұмабаев атындағы негізгі мектебі" КММ, "Жұмба негізгі мектебі" КММ "Міржақып Дулатұлы атындағы негізгі мектебі" КММ, "Қараөткел негізгі мектебі" КММ "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі мектебі" КММ,  "Көкжота орта мектебі" КММ "Жамбыл атындағы орта мектебі" КММ, "Палатцы негізгі мектебі" КММ "Сергей Седнев атындағы негізгі мектебі" КММ, "Подгорное негізгі мектебі" КММ "Иван Яроцкий атындағы негізгі мектебі" КММ болып қайта аталды, – дейді Алмаз Болатұлы.

Оның айтуынша, аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. Самар ауданына қарасты сегіз ауылдық округ бар. Округ әкімдері атауы ескірген көшелердің тізімін жасап, ұсыныстар енгізіп отырады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу