"Самара-Шымкент" тас жолында шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады

1110

Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі анықталуда.

"Самара-Шымкент" тас жолында шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады

2 желтоқсанда 74 шетелдік азамат Самара-Шымкент тас жолында апатқа ұшырап, екі адам жарақат алды. Бұл туралы "Қазавтожол" ҰК "АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Қызылорда облысының Шижаға ауылы маңында 1311 шақырым жерде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Neoplan автобусының жүргізушісі жылдамдықты асырып, Daf жүк көлігімен соқтығысқан.

Өзбекстан мен Тәжікстанның 74 азаматы эвакуацияланып, оларға барлық қажетті көмек көрсетілген.

Жарақат алған екі адам Арал аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу