Самара-Шымкент жолында автобус аударылды

877

Көлікте 12 жолаушы болған, оның үшеуі бала.

Самара-Шымкент жолында автобус аударылды

Ақтөбе облысында Самара-Шымкент жолының бойында автобус аударылып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 27 маусымда Самара-Шымкент тас жолының 916-шы шақырымында Бөгетсай ауылының маңында болған.

"Паз-32054" автобусының жүргізушісі ҚР ЖКЕ 10.1-тармағын бұзған. Яғни, жол қозғалысына кедергі мен қауіп төнген жағдай жылдамдықты төмендету бойынша шаралар қабылдамай көлік құралы толық тоқтағанға дейін басқара алмай қалған.  Көлік оңға қарай аударылып кеткен", – деп жазылған хабарламада. 

Жолаушылар Ырғыз ауданы, Калинин ауылынан отбасылық іс-шарадан қайтып келе жатқан.

Апат салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде екі адам жарақат алған. Тағы бірі сынықпен Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу