Самат Әбіш қазір қайда жүр?

1702

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Қаңтар оқиғасы бойынша неге жауапқа тартылмады?

Самат Әбіш қазір қайда жүр? Фото: baq.kz

Бұл сұраққа Мәжіліс кулуарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.  

"Жауап өте қысқа болады. Мен бұл сұраққа жауап беруге құзыретті емеспін. Бас прокуратура арнайы құқық қорғау органдарының басшыларының әрекетіне құқықтық баға берді. Істі ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеді", - деді ведомство өкілі БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында. 

Бұдан бөлек Марат Қалқабаев "Самат Әбіш қазір қайда?" деген сауалға "білмеймін" деп жауап берді. 

"Ол (ред. – Самат Әбіш) Қазақстанда шығар. Біз оны бақылап жүрген жоқпыз. Ол Қазақстан азаматы. Бәлкім Қазақстанда шығар", - деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу