Саматов Ғазизбек - "Семей халықаралық әуежайының" директоры

1410

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Саматов Ғазизбек - "Семей халықаралық әуежайының" директоры Фото: gov.kz

Саматов Ғазизбек Қайратұлы 1986 жылы 1 тамызда Тарбағатай ауданы, Тұғыл кентінде дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Қаржыгер" мамандығы, Азаматтық авиация академиясында "Әуе көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алған.

Көп жылдар бойы "Өскемен әуежайы" АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, 2018 жылдан бастап "Семей халықаралық әуежайы" ЖШС директорының көмекшісі – сапаны бақылау аудиторы қызметін атқарды.

Тағайындауға дейін "Семей халықаралық әуежайы" ЖШС директорының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары – авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу