Самбодан әлем чемпионы 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

89

Әлемге танымал қазақ спортшысы Айсара Керімбекова "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасына сұхбат берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Самбодан әлем чемпионы 20 жылдан бері аула сыпырып жүр Фото: Бейнежазбадан

Айсара Керімбекова 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Ол самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы Әлем кубогының иегері.

1992 жылы еліміздің ең таңдаулы 10 спортшысының қатарына енген.

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желідегі парақшасында 80-90-жылдары даңқы дүркіреп тұрған Айсара Керімбекованың бүгінгі ауыр хәлін көрсетті.

"Осылай жүргеніме 20 жылдай болды. Осы жұмысты істеп жүрмін. Ойланатын шығар, маған бере қой деп те айта алмаймын. Заманбек Нұрқаділов ағама рахмет, жатқан жері жайлы болсын!" – дейді Айсара Керімбекова.

Журналист спорт министріне аңыз спортшының қандай ауыр күйде жүргенін айтып, үндеу жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу