Самбодан әлем чемпионы атанған қарағандылыққа көлік тарту етілді

1434

Самбодан әлем чемпионы атанған қарағандылыққа көлік тарту етілді

Қарағандыда ерлер мен әйелдер арасында самбо мен жауынгерлік самбодан республикалық чемпионат өтіп жатыр. Жарысқа барша Қазақстаннан 400 аса спортшы қатысып жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жастар" спорт кешенінде турнирдің ашылу салтанатында республикалық самбо федерациясы әлем чемпионы Бейімбет Қанжановты құттықтап, оған Hyundai Accent көлігінің кілтін табыстады.

Қарағандылық спортшы 2015 жылы қарашада Мароккода өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Самбошының айтуынша, бұл жеңіс оның 15 жылдық еңбегінің жемісі.

Самбо федерациясы қаржылық қиындықтарға байланысты жеңімпазды бүгін марапаттады. Бейімбет Қанжанов федерацияға қолдауы үшін алғысын білдірді.

Бейімбет Қанжанов 1991 жылы Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Күреспен тоғыз жасында айналыса бастаған. Самбодан халықаралық тәжірибедегі ҚР спорт шебері. Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу