Самокатпен тасиды: Шымкентте есірткі курьері ұсталды

416

Күдіктіден аса ірі мөлшерде есірті тәркіленді.

Самокатпен тасиды: Шымкентте есірткі курьері ұсталды Фото: polisia.kz

Шымкентте самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.

Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу