Samsung iPhone иелерін мазақ етті

672

iPhone смартфонында жиналмалы экранның болмауына байланысты Samsung Apple пайдаланушыларын  мазақ етті. 

Samsung iPhone иелерін мазақ етті Фото: www.marketwatch.com

Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясы Apple компаниясының iPhone смартфондарының пайдаланушыларын жиналмалы экраны жоқ деп күлкiге айналдырған жаңа жарнама шығарды. Видео YouTube сайтында жарияланған.

Видеода iPhone пайдаланушыларының бірі қоршаудан өтіп, Apple экожүйесінен тыс жерде Samsung-тың жиналмалы экранды құрылғылары бар екенін көреді. Apple-дің басқа қолданушылары оны қалуға көндіруге тырысады. Ол  iPhone телефондарында қажетті мүмкіндіктер мен функциялардың пайда болуын күту керек пе деп екіойда қалады.

"Не үшін күту керек? Мен Samsung жағына өтіп барамын, олардың жиналмалы телефондары мен сапалы камералары бар", – деп жауап береді қоршаудағы адам. Осылайша iPhone тұтынушыларын Flip 4 және Fold 4 сияқты Samsung Galaxy z сериялы смартфондарға ауысуға шақырады.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, Apple жиналмалы iPhone шығаруға инвестиция салған, бірақ құрылғының нарыққа қашан шығатыны туралы нақты ақпарат жоқ.

Samsung-тың топ-менеджменті Apple-дің алғашқы жиналмалы гаджетін 2024 жылдан кейін шығады деп топшалап отыр. Олардың пікірінше, бұл iPhone телефоны емес, планшет немесе ноутбук болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу