Samsung жаңа Galaxy S9 және S9+ смартфондарын таныстырды

1029

Samsung жаңа Galaxy S9 және S9+ смартфондарын таныстырды

Оңтүстік Кореялық Samsung компаниясы жексенбі күні жаңа Galaxy S9 және Galaxy S9+ смартфондарын таныстырды. Смартфондардың тұсаукесері Барселонадағы халықаралық мобильді конгресте өтті, деп жазады kursiv.kz.

Гаджеттердің дизайны алдыңғы шыққан смартфондардан тек артқы панелімен ғана ерекшеленеді. Саусақ белгісі камераның астына орналасқан.

S9 және S9+ смартфондарының дисплейінің  диагоналі 5,8 және 6,2 дюйм, максимальды рұқсат етілетіні — Quad HD+ (1 440 х 2 880 пиксель). ОЗУкөлемі 4-тен 6 гигабайтқа дейін жетеді.Екі смартфонның ішкі сақтауы 64 гигабайт және картаға арналған слоты microSD.

Смартфондарда алғаш рет SmartThings қосымшасы қойылған. Ол арқылы тұрмыстық техниканы және "ақылды үй" жабдықтарын басқаруға болады.

Жаңа модельдердің ең басты "жүрегі"  Qualcomm Snapdragon 845 (Солтүстік Америка, Жапония және Қытайда) және Samsung Exynos (Еуропада) чиптер.

Жаңа смартфондар ресми түрде 19 наурыздан бастап сатылады. Ресейде олардың бағасы - 59,99 мың және 66,99 мың рубль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу