"Самұрық-Энерго" компаниясы қызметкерлердің жалақысын көтеретінін хабарлады

704

Компания еңбекақы былтыр да көтерілгенін мәлімдейді. 

"Самұрық-Энерго" компаниясы қызметкерлердің жалақысын көтеретінін хабарлады

"Самұрық-Энерго" команиясы өндіріспен айналысатын еншілес ұйымдарындағы жалақыны орта есеппен 24%-ға арттыратынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сол кезде компания өзінің энергия өндіруші компаниялары қызметкерлерінің жалақысын 15%-ға, тарату компаниясы қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға және көмір компаниясы қызметкерлерінің еңбекақысын 10%-ға көтерді", – деп жазады баспасөз қызметі.

2022 жылдың 1 шілдесіне дейін коммуналдық қызметтерге тарифтерді арттыруға мораторий енгізілгені белгілі. Соған байланысты "Самұрық-Энерго" компаниясы шығынды оңтайландыруды, жобалар портфелін жаңарта отырып, өзінің инвестициялық бағдарламасындағы басымдықтарды қайта қарауды жоспарлап отыр.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның бұл іс-шаралары "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" компаниясының реформалауға байланысты Қазақстан Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі бекітілген жоспар шеңберінде, компания өзінің еншілес және тәуелді ұйымдары арасында тұрақты түрде жүргізетін әлеуметтік тұрақтылыққа мониторинг жүргізу негізінде жүзеге асырылады", – делінген ақпаратта.

"Самұрық-Энерго" компаниясы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына тиесілі. Қызметінің негізгі бағыттары: электр мен жылу энергиясын өндіру, электр энергиясын беру, бөлу және өткізу, энергетикалық көмір өндіру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу