Самұрық-Энергоның екі компаниясы сатылды

1022

Самұрық-Энергоның екі компаниясы сатылды

"Самұрық-Энерго" мемлекеттік холдингі өзінің екі еншілес компаниясы акцияларының бақылау пакетін сатып алушыны анықтады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Екі кезеңдік байқаудың қорытындысы бойынша "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы" (100%-ы) және "Маңғыстау тарату электржелілік компаниясы" (78,64%) сатылды.

"Сауда сәтті өтті және байқау өтінімдері жеңімпаздарының баға ұсыныстары жарияланған бастапқы құнынан асып түсті", – деп хабарлады "Самұрық-Энерго" қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Мақсұтов.

Оның айтуынша, тараптар мемлекеттік органдардың қажетті корпоративтік мақұлдаулары мен келісімдеріне қол жеткізілген соң мәмілені аяқтау шараларына кіріседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу