"Самұрық-Қазына" активтері биыл айтарлықтай өсуі мүмкін - Н. Жақыпов

392

Қор активтерін 2026 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. 

"Самұрық-Қазына" активтері биыл айтарлықтай өсуі мүмкін - Н. Жақыпов Фото: Finance.kz

Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" Қорының болашақ жоспарлары туралы журналистерге айтып берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Брифинг барысында "Самұрық-Қазына" активтерінің кірістері мен құнына қатысты болжам жасалынды. Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, биыл холдинг активтерінің құны айтарлықтай өсуі мүмкін. Жыл басындағы көрсеткіш 72 миллиард доллар болса, енді ол 78 миллиард долларға дейін өседі деп жоспарланған.

"Мен Қор активтерін сақтап қана қоймай, олардың тиімділігін арттырғым келеді. Қазір Қор активтерінің жалпы құны – 72 миллиард доллар. Біз 2026 жылдың соңына дейін Қор активтерін 100 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырмыз", - деді Н. Жақыпов

Басшыларда Қордың таза пайдасы мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан 2022 жылдан жоғары болады деген үміт бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу