"Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

1046

Қордың тәуелсіз директорлары болып Джон Дудас, Онг Бун Хви және Қайрат Мәжібаев тағайындалды.

"Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-да директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды, деп хабарлады  қордың қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсанындағы  № 907 қаулысымен қордың тәуелсіз директорлары болып Джон Дудас, Онг Бун Хви және Қайрат Мәжібаев тағайындалды. Кеңес құрамынан Сэр Ричард Эванс пен Вильгельм Бендер шықты",– делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн, қордың директорлар кеңесіне ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, тәуелсіз директор Альпер Акдениз және қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов кіреді.

Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd. және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған. 2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанипяларда тәуелсіз директор және Корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді. "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесіне сайланғанға дейін Джон "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, сондай-ақ қазір Джон "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің мүшесі. 

Онг Бун Хви 1956 жылы 27 қазанда дүниеге келген, Сингапур Республикасының азаматы. Қазіргі уақытта Stewardship Asia Centre (Temasek Trust) бас директоры лауазымында жұмыс істейді. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол Temasek Holdings басқаруша директоры, Temasek Management Services бас директоры лауазымын, Singapore Power операциялық қызмет жөніндегі бас директордың лауазымын  қоса алғанда, әртүрлі негізгі позицияларда жұмыс істеді және жетекші консалтингтік компанияның құрылтайшысы – бас директоры. Әр жылдары ол Singapore Technologies Kinetics, AETOS Security Management Ltd, A-STAR Research, Singapore Power Global Solutions and SIM Ltd. Қоса алғанда, экономиканың түрлі секторларындағы компаниялардың директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарды. Онг Бун Хви "Inspiring Stewardship" және "ENTRUSTED" атты екі кітаптың бірлескен авторы.

Қайрат Мәжібаев 1968 жылы 5 қаңтарда туған, Қазақстан Республикасының азаматы. 1994 жылдан бастап ТМД аумағында салалық өнеркәсіптік және қаржы холдингтерін қалыптастыруға және дамытуға арналған инвестицияларға мамандандырылған "RESMI" компаниялар тобының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы. Қазіргі уақытта "RG Brands" АҚ, Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Әр жылдары "Ұлттық инновациялық қор" АҚ, "КИМЭП университеті" АҚ, "Қазтелерадио" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Kazakhstan Growth Fund" директорлар кеңесінің мүшесі, "Innova Investment" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу