"Самұрық-Қазына" енді рубльмен қаржыландыру мүмкіндігін қарастырмайды

936

Бұған ресейлік банктерге қарсы санкциялық тәуекелдер ықпал етіп отыр.

"Самұрық-Қазына" енді рубльмен қаржыландыру мүмкіндігін қарастырмайды

"Самұрық-Қазына" АҚ ресей рублімен қаржы тарту мүмкіндігін қарастырмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында акционерлік қоғамның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бұрын рубльмен қаржыландыру қор компаниялары үшін тиімді болды.

"Валютада несие алған компаниялар валюталық тәуекелдерді азайту үшін көбінесе рубльмен қайта қаржыландырылды. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Рубльмен қаржыландыру құны өзгерді, ресейлік банктерге қарсы санкциялық тәуекелдер айтарлықтай өсті, сондықтан рубльмен қаржыландыру енді қарастырылмайды", – деді Нәзира Нұрбаева.

Еске сала кетсек, жыл басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның сатып алу тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын. Бұдан кейін Мемлекет басшысы процестің ашықтығына қатысты шағымдардың жүйелілігін атап өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу