"Самұрық-Қазына" инвестициялық холдинг болғаннан не өзгереді?

771

"Біз Ұлттық қордың қызметін қайталамаймыз".

"Самұрық-Қазына" инвестициялық холдинг болғаннан не өзгереді?

"Самұрық-Қазына" инвестициялық холдингі өзі үшін стратегиялық маңызы бар 5 компанияның тізімін атады.

"Қордың инвестициялық холдинг форматына көшуі активтерді екі пулға бөлуді көздейді. Бірінші пулға 5 стратегиялық актив кіреді. Олар: "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "ҚазАтомӨнеркәсіп, KEGOC, "Қазақтелеком" компанияларының активтері. Осы активтер корпоративтік басқару принциптері бойынша басқарылады. Мұндай формат Ұлттық қордың қызметін қайталайды деген пікірмен келіспеймін. Дегенмен екі қордың да мақсаты – ұлттық әл-ауқатты арттыру. Арамыздағы айырмашылық инвестициялық мандаттарға байланысты. Біздің қордың иелігінде стратегиялық активтер бар. Оның қызметі корпоративтік басқару арқылы іске асырылады. Негізінен, біз тікелей инвестицияларға көбірек мән бермекпіз. Ал Ұлттық қор, негізінен, портфельді инвестицияларға қаржы салады. Сондай-ақ, біз экономиканың дамуына, әр кезеңдегі басым бағыттарға қарай шешім қабылдаймыз. Осы тұрғыда мандаттық айырмашылықтар бар", - деді холдингтің стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова.

Есжан Ботақара

Фото: sk.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу