banner

"Самұрық-Қазына" IPO бойынша арнайы портал іске қосты

713

ipo.sk.kz сайтынан қордың портфельдік компанияларын жекешелендіру бойынша да ақпарат алуға болады. 

"Самұрық-Қазына" IPO бойынша арнайы портал іске қосты

2025 жылға дейін "Самұрық-Қазына" 8 ірі активтегі үлесін бәсекелес ортаға ұсынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның ішінде, "AirAstana", "Самрұқ Энерго", "QazaqGaz", ҚТЖ сынды компаниялар бар. "ҚазМұнайГаздың" IPO-сы биылға жоспарланған.

 "Самұрық-Қазына" қорының мақсаты – IPO-ға қатысуды барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді ету.  Осы үшін қор жекешелендіру барысы туралы барлық ақпаратты қамтитын ipo.sk.kz сайтын іске қосуда. Сонымен қатар 17 қыркүйектен бастап Қазақстанның 60-тан астам қаласында азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді. Оларға "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз", "Қазпочта", AIX және KASE биржаларының, брокерлік және дилерлік ұйымдардың сарапшылары қатысады", – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Соңғы жылдары "Самұрық-Қазына" қорының бірнеше компаниясының үлестері саудаға шығарылды. Бұл IPO-лардың табысы болғаны төленген дивидендтер көлемімен және нарықтық капиталдандырудың ұлғаюымен расталады: "ҚазТрансОйл" акцияларының бағасы 121%-ға, "KEGOC" – 281%-ға, "ҚазАтомӨнеркәсіп" – 383%-ға өсті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу