"Самұрық-Қазына" қайырымдылық жобаларға баса көңіл бөлмек

616

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобының ағымдағы қаржылық көрсеткіштері және 2022 жылдың алдын ала қорытындылары туралы есебі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Самұрық-Қазына" қайырымдылық жобаларға баса көңіл бөлмек Фото: el.kz

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қордың таза пайдасы 956 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға көп. Алдын ала бағалау бойынша 2022 жылы таза пайда 1,85 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр. Пайданың ұлғаюына ең алдымен, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуі ықпал еткен.

Осы ретте Қор Қазақстандағы қайырымдылық жобаларға шығындарын едәуір арттыруға дайын. "Қазір "Самұрық-Қазына" тобының барлық компанияларының атынан қайырымдылық қызметін Samruk-Kazyna Trust қоры жүзеге асырады. Оның 2022 жылға арналған бюджеті шамамен 10 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға артық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" қоры таза пайданың 7%-ын қайырымдылық мақсаттарға жұмсауға дайын. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл сома шамамен 130 млрд теңгені құрайтын болады. Осылайша Қордың қайырымдылық шығындары 13 есе арта түспек", делінген Қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу