"Самұрық-Қазына" қоры жергілікті құрам үлесін 60%-ға жеткізді

975

Тапсырыс берушілер импорттық материалдарды қолдануға шектеу қоюға тиіс.

"Самұрық-Қазына" қоры жергілікті құрам үлесін 60%-ға жеткізді

Үкімет отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету үшін арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған форумда айтты. 

"Үкімет отандық тауар өндірушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті", – деді премьер-министр.

Оның сөзінше, "Самұрық-Қазына" қоры жеңілдетілген несиелеу және қарапайым экономика заттары бағдарламасы аясында отандық кәсіпорындардың өнімдерін сатып алып жатыр. 
"Бүгінге дейін қор 4 сала бойынша жергілікті құрам үлесін 60%-ға жеткізді", – деді Асқар Мамин. 

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарының сатылымын ұлғайту үшін тапсырыс берушілер импорттық материалдарды қолдануға шектеу қоюға тиіс. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу