"Самұрық-Қазына" қызметкерлерді қысқартып, 5 млрд теңге үнемдеген

210

Бұл туралы қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.  

"Самұрық-Қазына" қызметкерлерді қысқартып, 5 млрд теңге үнемдеген Фото: t.me/samrukkazynaofficial

"Самұрық-Қазына" қоры компаниялар тобында жүргізілген кадрлық оңтайландырудың аралық қорытындысын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты Dalanews-ке сілтеме жасап. 

Нұрлан Жақыповтың сөзінше, Астанада өндірістік емес персонал саны 11 пайызға қысқартылған. Соның нәтижесінде қор жылына шамамен 5 млрд теңге үнемделген.

"Біз Астана қаласы бойынша өндірістік емес персоналдың 11 пайызын қысқарттық. Жыл сайынғы үнемдеу көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Сандық құрам бойынша бұл – 700 адам", – деді Жақыпов ЕАЭО отырысының кулуарында журналистердің қойған сұрағына жауап беріп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу