"Самұрық-Қазына" Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

1141

Қор штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Самұрық-Қазына" Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады Фото: Самұрық Қазына

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуынан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір уәкілетті органдар тиісті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Қор ҚР қолданыстағы заңнамасы аясында құқық қорғау органдарымен жан-жақты ынтымақтасып жатыр. Қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсынып отыр. Қор штаттық режимде жұмысын жалғастыруда", – деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталғанын жазғанбыз. Сондай-ақ, Нұрлан Жақыповтың ұсталған сәті суретке түсіп қалды.

Ол 1978 жылы 31 наурызда туған. 2023 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы лауазымын атқарады. 2024 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу