"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "Қазатомнөнеркәсіп" акцияларынан 49 млрд теңге табыс тапқан

779

Биыл компаниялар тобы ел бюджетіне 120 млрд теңге қосады.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "Қазатомнөнеркәсіп" акцияларынан 49 млрд теңге табыс тапқан

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы биыл ел бюджетіне былтырғыдан екі есе көп дивидент төлейді. Қордың экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділ осылай деп отыр.

"2019 жылдың қорытындысы бойынша қор 206 млрд теңге күйінде таза табыс тапқан. Жекелеп айтсақ, 206 млрд теңгенің 49 миллиарды "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының қосымша акцияларын шығарудан 2019 жылдың қыркүйегінде түскен болатын. Қалған ақшаның 120 млрд теңгесін ел бюджетіне жолдаймыз. Ол ақша алдағы екі аптада түсуі керек. Ол үшін біздің негізгі акционеріміз – Үкіметтің қаулысы шыққанын күтіп отырмыз. Бұл дивиденттер көлемі осыдан 2-3 жыл бұрын төлеген двиденттерімізден 10 есе көп екенін айтқым келеді.  2019 жылы біз тұрақты түрде 15 млрд теңге, қосымша 50 млрд теңге теңге, яғни 65 млрд теңге дивидент төледік. 2018 жыл бұл сома шамамен 12-13 млрд теңге болатын. Қалған қаражат Үкіметтің қаулысы бойынша Түркістан, Нұр-Сұлтан қаларындағы әлеуметтік нысандарды қаржыландыруға жұмсалады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу