"Самұрық-Қазына" жаңа даму стратегиясының жобасын әзірледі

665

Соған сәйкес 2032 жылға қор активтерінің таза құнын 2 есеге арттырмақ.

"Самұрық-Қазына" жаңа даму стратегиясының жобасын әзірледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Самұрық-Қазына" Қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Стратегия ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес дайындалды. Қор активтердің құнын ұлғайтып, Қазақстан экономикасындағы өз үлесін азайтып, үздік әлемдік бизнес-тәжірибелерді енгізетін болады. 2032 жылға қарай қор компаниялары тобындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттырады. Сонымен қатар активтердің таза құнын 2 есеге арттырады", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске сала кетсек, қор 2025 жылға дейін 8 ірі компанияның үлесін бәсекелес ортаға шығаратынын хабарлаған. Оның ішінде, AirAstana, Samruk Energy, QazaqGaz, ҚТЖ бар. "ҚазМұнайГаздың" IPO-сы жыл соңына дейін жоспарланған. Бұл туралы халыққа кеңінен ақпарат тарату үшін ipo.sk.kz сайтын іске қосты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу