"Самұрық-Қазына" жарғысына өзгерістер енгізілді

563

Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.

"Самұрық-Қазына" жарғысына өзгерістер енгізілді

Үкімет "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" және "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына өзгерістер енгізді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Самұрық-Қазына" жарғысының "Дивиденттер" тарауындағы 36-тармаққа, "Қордың ақпаратты жария етуі. Қордың құжаттары" тарауындағы 104-тармаққа өзгерістер енгізілді.

Бұдан бөлек Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларында да бірқатар өзгерістер бар. 

Мысалы, "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі" делінген. 

Құжаттың толық нұсқасы https://primeminister.kz/kz/decisions/02082022-522 Үкімет сайтында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу