Президент: "Самұрық-Қазынаны" реформалауға 10 күннен кейін ораламыз

1166

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры күрделі қайта құруды қажет етеді. Мемлекет басшысы 10 күннен кейін қорды реформалауды егжей-тегжейлі талқылауға оралатынын айтты. 

Президент: "Самұрық-Қазынаны" реформалауға 10 күннен кейін ораламыз

"Біз 10 күннен кейін реформаларды жүзеге асыру жоспарын егжей-тегжейлі талқылауға қайта ораламыз. Бұл өте маңызды", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бұл мәселені 11 қаңтарда мәжілісте де айтқанын еске салды. 

"Сатып алудың ашықтығы жайлы үш жылдан бері айтып келемін, бірақ айтарлықтай нәтижеге қол жетпеді", – деді Президент. 

Сонымен қатар президент монополияға қарсы күрес жүргізуді тапсырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу