"Самұрық-Қазынаның" тағы екі активі жекешелендіру аясында сатылатын болады

678

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жыл соңына дейін "Востокмашзавод" АҚ жарғылық капиталындағы компаниялар тобының қатысу үлесін және Intergas Finance B. V. жарғылық капиталындағы акциялар пакетін іске асыруды жоспарлап отыр.

"Самұрық-Қазынаның" тағы екі активі жекешелендіру аясында сатылатын болады

Шағын активтерді сату ҚР Үкіметінің 30.12.15 ж. №1141 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Екі мәмілені де тікелей атаулы сату әдісімен жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Активтердің құны жалпы сомасы 117 млн теңгеге бағаланады. Жекешелендіру бағдарламасы бойынша сатудан түскен қаражат ҚР Үкіметі қорының жалғыз акционерінің шешімі негізінде бөлінетін болады.

Айта кетсек, "Востокмашзавод" АҚ Өскемен қаласында 1958 жылы пайдалануға берілген машина жасау кешені. Кешен құю пештерінен бастап дайын өнімді механикалық өңдеуге дейінгі толық машина жасау циклінің барлық технологиялық бөліністерімен жабдықталған. Акционерлік қоғамның негізгі компаниясы – "ҚТЖ" ҰК" АҚ тиесілі "Қамқор" Жөндеу корпорациясы" ЖШС.

Intergas Finance B. V. – компанияның жалғыз акционері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тиесілі "ҚазТрансГаз" АҚ. Негізгі қызмет түрі – компанияларды қаржыландыру, облигацияларды шығару арқылы қаражат тарту, банктік қаржыландыру және т.б.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚР Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспары 84% - ға аяқталды: 89 актив сатылды, 11 – і қайта ұйымдастырылды және 42 – сі таратылды. Қазіргі уақытта шығару процесіне "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 8 ірі және 18 шағын компаниялары қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу